"Самбай селосының көшелеріне атау беру" 2012 жылдың 23 ақпандағы № 11 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Алға ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы № 2 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2016 жылғы 23 ақпанда № 4753 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі "Қазақстан Республикасының Конституциялық "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарағаш ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Қарағаш селолық округі әкімінің 2012 жылғы 23 ақпандағы № 11 "Самбай селосының көшелеріне атау беру" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-3-140 болып тіркелген, 2012 жылдың 05 тамыздағы аудандық "Жұлдыз-Звезда" газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген мемлекеттік тіліндегі шешімнің деректемелерінде, атауында және бүкіл мәтініндегі "селолық", "селосының" сөздері "ауылдық", "ауылының" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қарағаш ауылдық округінің әкімі Б.О. Кныков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады