"Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 88 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012 жылғы 28 маусымдағы № 31 шешімі. Ақтөбе облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 24 шілдеде № 3-7-150 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2013 жылғы 22 тамыздағы № 115 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 22.08.2013 № 115 шешімімен.
      "Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сәйкес Қобда аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Аудандық мәслихаттың 2009 жылғы 24 сәуірдегі № 88 "Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету туралы" (нормативтік құқықтық кесімдері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-7-66 тіркелген, 2009 жылғы 28 мамырда "Қобда" газетінің № 21 жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:
      2 тармағында:
      "Аз қамтылған отбасыларының жан басына шаққандағы орташа табысы облыс бойынша анықталған кедейшілік шегінен аспайтын отбасыларға 1,5 есептік айлық көрсеткіші көлемінде ай сайын ақшалай түрде қосымша көмек" сөздері 2013 жылдың 1 қаңтар айынан бастап алынып тасталсын;
      "Ең төменгі және ең төменгі зейнетақыдан кем алатын зейнеткерлерге 1,5 есептік айлық көрсеткіші көлемінде ай сайын ақшалай түрде қосымша көмек" сөздері 2012 жылдың 1 қазаннан бастап алынып тасталсын;
      3 тармағы алынып тасталсын.
      2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
 

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрайымы

Аудандық мәслихат хатшысы

      Г. Балгарина

Л. Исмағамбетова

   

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады