Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" N 148 Заңының 6 бабына және 2008 жылғы 4 желтоқсандағы N 94 Бюджет Кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4 тармақшасына сәйкес өнімдердің қымбаттауына байланысты жекелеген азаматтар санаттарына қосымша әлеуметтік көмек көрсету мақсатында Қобда аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2009 жылғы 1 сәуірден бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатын 1, 2, 3 топтағы мүгедектерге ай сайын 3 000 (үш мың) теңге көлемінде қосымша көмек көрсетілсін.
2. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.06.28 № 31 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
3. Алынып тасталды - Ақтөбе облысы Қобда аудандық мәслихатының 2012.06.28 № 31 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
4. Қобда аудандық мәслихатының 2008 жылғы 20 желтоқсандағы "Халықтың әлеуметтік әлжуаз санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" N 70 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
5. Осы шешім Қобда аудандық Әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Аудандық мәслихаттың кезекті VІІІ сессияның төрағасы: |
Аудандық мәслихаттың хатшысы: |
Т. Нұржанов | І. Қобланов |