Аз қамтылған отбасыларына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Мәртөк аудындық мәслихатының 2011 жылғы 3 ақпандағы № 220 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2011 жылғы 23 ақпанда № 3-8-127 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012 жылғы 9 тамыздағы № 31 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2012.08.09 № 31 Шешімімен.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95 Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 қарашадағы № 474 «Ең төменгі күнкөріс деңгейі туралы» Заңының 4 бабының 3 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жан басына шаққанда орташа айлық табысы облыста белгіленген кедейшілік шегінен төмен аз қамтылған отбасыларына 1,5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілсін.
      2. Аудандық мәслихаттың «Аз қамтылған отбасы мүшелеріне әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 167 шешімі (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізімінде тіркелген № 3-8-114, 2010 жылғы 03 маусымда «Мәртөк тынысы» № 25 газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Аудандық экономика және кәсіпкерлік бөлімі (А.Т.Жұмабаева) әлеуметтік көмек төлеуге қаржы қарастырсын.
      4. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (Г.А.Алматбаева) ай сайынғы төлемдерді қамтамасыз етсін.
      5. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2011 жылғы 1 қаңтардан басталған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                   хатшысы

      И.Жұмабаев                          А. Смағұлов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады