Шектеу шараларын енгізіп ветеринарлық режимді белгілеу туралы

Күшін жойған

Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал селолық округі әкімінің 2012 жылғы 23 шілдедегі № 08 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 8 тамызда № 3-12-153 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал селолық округі әкімінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 26 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Хромтау ауданы Табантал селолық округі әкімінің 03.12.2013 № 26 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және  өзін-өзі басқару туралы» Заңының 3537 баптарына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 27 бабына сәйкес және Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының Бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторының 2012 жылғы 16 мамырындағы ұсынысының негізінде Табантал селолық округінің әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ұсақ мүйізді малдарында сарып ауруының ошағын анықтауға байланысты Табантал селолық округіне қарасты Көптоғай селосында шектеу іс-шаралары енгізіліп, ветеринарлық режим белгіленсін.
      2. Хромтау аудандық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринарлық инспекторына осы шектеу іс-шаралары талаптарының орындалуына бақылауды қамтамасыз ету ұсынылсын.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін, күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Табантал селолық
      округінің әкімі                         Ш.С.Калиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады