Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі N 39 шешімі. Алматы облысының Әділет департаменті Талдықорған қаласының Әділет басқармасында 2012 жылы 04 мамырда N 2-1-163 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 320 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 27.05.2015 № 320 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012.11.21 90 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4-тармағына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1.Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012.11.21 90 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихат аппаратының жетекшісі Қауысбеков Владимир Оңалбайұлына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезекті 6 сессияның
      төрағасы Т. Ахажан
      Қалалық мәслихаттың
      хатшысы М. Бопазов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Талдықорған қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Мәженов Қайрат Рысханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады