Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 39 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 21 қарашадағы N 90 шешімі. Алматы облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 12 желтоқсанда N 2238 тіркелді. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 2015 жылғы 27 мамырдағы № 320 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Талдықорған қалалық мәслихатының 27.05.2015 № 320 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4–тармағына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына сәйкес Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Талдықорған қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" N 39 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 04 мамырда 2-1-163 тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы N 19 "Талдықорған" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      Тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы".
      Бірінші тармағы келесі редакцияда баяндалсын:
      "Талдықорған қаласы бойынша ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін".
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың "Әлеуметтік қорғау, заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары және қоршаған ортаны қорғау мәселесі жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3.Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Кезектен тыс 14 сессияның
      төрағасы, қалалық
      мәслихаттың хатшысы М. Бопазов
      КЕЛІСІЛДІ:
      "Талдықорған қаласының
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы Мәженов Қайрат Рысханұлы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады