Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Алматы облысы Жамбыл аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 01 ақпандағы N 47 қаулысы. Алматы облысының Әділет департаменті Жамбыл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылы 07 ақпанда N 2-7-129 тіркелді. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Жамбыл аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 03 маусымдағы N 400 қаулысымен

       Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты қаулының күші жойылды - Жамбыл аудандық әкімдігінің 03.06.2013 N 400 қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі.
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

       Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл ауданындағы меншік нысандарының барлық ұйымдарында, кәсіпорындарында,және мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының бір проценті мөлшерінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау (әлеуметтік саланың мәселелеріне) жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы Әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Ж. Далабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады