РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңның 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Қарасай ауданы әкімдігінің жанындағы қоғамдық ономастика кеңесінің келісімі және Бірінші Май ауылдық округінің халқының пікірін ескере отырып, Бірінші Май округі әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. Бірінші Май ауылдық округі Қайнар ауылының оңтүстік шығысында орналасқан жаңа көшеге: бірінші көшеге "Болашақ", екінші көшеге "Үйтас", үшінші көшеге "Көкжиек", төртінші көшеге "Бәйтерек", бесінші көшеге "Үшқоңыр", алтыншы көшеге "Көктөбе", жетінші көшеге "Таусамалы" аттары қойылсын.
2. Осы шешімнің орындалуына бақылау жасауды өзіме қалдырамын.
3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бірінші май ауылдық
округінің әкімі М.Қарнақов