Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы Қаратал аудандық мәслихатының 24.04.2015 № 45-184.
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабы 4–тармағына және Қаратал ауданы әкімінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі N 03-20-394 ұсынысына сәйкес, Қаратал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қаратал ауданы бойынша ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қаратал аудандық мәслихаттың жоспарлау, бюджет, шаруашылық қызмет, құрылыс, жерді пайдалану, табиғат қорғау және табиғи қорды ұтымды пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3. Осы шешім Әділет органынан мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми алғаш жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрайымы: С. Дәркенбаева
Мәслихат хатшысы: Б. Смаилов
КЕЛІСІЛДІ:
Қаратал аудандық экономика
және бюджеттік жоспарлау
бөлімінің бастығы: Ертай Нұрпазылұлы Нұрпазылов
16 мамыр 2012 жыл