Райымбек ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық елдi мекендерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтік мөлшерлемелер белгілеу туралы

Жаңартылған

Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 2020 жылғы 3 тамыздағы № 71-344 шешімі. Алматы облысы Әділет департаментінде 2020 жылы 13 тамызда № 5604 болып тіркелді.

      Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 28.10.2021 № 14-61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 4-тармағына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Райымбек ауданының азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандарына, сондай-ақ жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын ұйымдарда жұмыс істейтін аталған мамандарға қызметтiң осы түрлерiмен қалалық жағдайда айналысатын мамандардың мөлшерлемелерімен салыстырғанда жиырма бес пайызға жоғарылатылған айлықақылар мен тарифтiк мөлшерлемелер белгіленсін

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы облысы Райымбек аудандық мәслихатының 28.10.2021 № 14-61 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Райымбек аудандық мәслихатының "Райымбек ауданының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына жиырма бес процент жоғары айлықақы мен тарифтік ставкалар белгілеу туралы" 2012 жылғы 05 қарашадағы № 8-51 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2199 тіркелген, 2012 жылдың 30 қарашасында "Хантәңірі" газетінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Райымбек аудандық мәслихатының "Жергілікті өзін-өзі басқару, әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, сауда, тұрмыстық қызмет көрсету, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, туризм жөніндегі" тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Райымбек аудандық мәслихатының
      сессия төрағасы К. Бошугулов
      Райымбек аудандық мәслихатының
      хатшысы Е. Кудабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады