РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7-бабының 5-6) тармақтарына сәйкес, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау мақсатында, оларды жұмыспен қамтамасыз ету үшін, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Меншік құқығына қарамастан, Талғар ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бір пайыз мөлшерінде квота белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Райхан Нұрмурзақызы Садықоваға жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін | |
уақытша атқарушы | Т. Жұмағулов |