Талғар ауданының әкiмдiгiнiң кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы облысы Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 16 қыркүйектегі № 09-594 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Құқықтық актілер туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік баскару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес аудан әкiмдiгi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1.Талғар ауданының әкімдігінің кейбір қаулыларының 1-қосымшаға сәйкес, күші жойылды деп танылсын.
      2.Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Д.Қыдырбек-ұлына жүктелсін.
      Аудан әкiмi Р.Садыкова

  Талғар ауданының әкімдігінің 16.09.2016 жылғы №09-594 қаулысына 1- қосымша

      1. 2015 жылғы 05 ақпандағы "Талғар ауданы бойынша қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" №02-34 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылғы 05 наурызда №3090 тіркелген және 2015 жылғы 20 наурызда "Талғар" газетінің №14-15 жарияланған).
      2. 2013 жылғы 16 сәуіріндегі "Талғар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №04-388 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" №04-199 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 20 мамырдағы №2359 тіркелген және 2013 жылғы 01 маусымдағы "Талғар" газетінің №22 жарияланған);
      3. 2012 жылғы 15 қарашадағы "Талғар ауданында интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмілетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №11-947 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 12 желтоқсандағы №2240 тіркелген және 2012 жылғы 29 желтоқсанда "Талғар" газетінің №52 жарияланған);
      4. 2012 жылғы 24 сәуірдегі "Талғар ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" №04-388 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 28 мамырдағы №2-18-147 тіркелген және 2012 жылғы 09 маусымдағы "Талғар" газетінің №23 жарияланған);
      5. 2011 жылғы 27 сәуірдегі "Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру туралы" №04-339 (нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 11 мамырда №2-18-130 тіркелген және 2011 жылғы 21 мамырда "Талғар" газетінің №18 жарияланған).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады