Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жеке меншікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 230 қаулысы және Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 7-27 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 7 қыркүйекте № 1822 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 79 қаулысымен және Жамбыл облысы мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы № 38-10 шешімімен

      Ескертпе. Күші жойылды - Жамбыл облысы әкімдігінің 29.04.2015 № 79 қаулысымен және Жамбыл облысы мәслихатының 25.06.2015 № 38-10 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Кодексінің 10 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Жамбыл облысында жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыс орталығында, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскесін жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, өнеркәсіп салаларын, құрылысты, энергетиканы,көлік пен байланысты, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және Жамбыл облысы әкімінің орынбасары М.С.Жолдасбаевқа жүктелсін.
      3. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс Әкімі Қ. БОЗЫМБАЕВ
      Облыстық мәслихаттың
      сессиясының төрағасы А. БЕКБАУОВ
      Облыстық мәслихаттың
      Хатшысы Б. ҚАРАШОЛАҚОВ

  Жамбыл облысы әкімдігінің
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 230 қаулысына және
Жамбыл облыстық мәслихатының
2012 жылғы 24 тамыздағы
№ 7-27 шешіміне қосымша

Жамбыл облысында жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай облыс орталығында, аудандық маңызы бар қалаларда, кенттер мен ауылдық елді мекендерде жер учаскесін жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары

Елді мекен
1 шаршы метр үшін теңгемен төлемақының базалық ставкасы
Тараз қаласы
1040

      Облыс орталығы ставкаларының пайызы
      Аудандық маңызы бар қала 75
      Кенттер және селолық елді
      мекендер орналасқан аймақтарда: Кенттер Селолық елді мекендер
      далалық орманды, далалық және
      құрғақ далалық 25 15
      жартылай шөлейт және шөлейт,
      тау бөктеріндегі- шөлейт- далалық 18 10
      субтропикалық шөлейт және тау
      бөктеріндегі шөлейт 30 18

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады