1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, елді мекендер шегінде жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерге қарай белгіленсін.
2. "Жамбыл облысы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қоспағанда, жеке меншікке беру кезінде жер учаскелерінің базалық ставкаларын белгілеу туралы" Жамбыл облысы әкімдігінің 2012 жылғы 24 тамыздағы № 230 қаулысы және Жамбыл облысы мәслихатының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 7-27 шешімінің күші жойылды деп танылсын (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 1822 болып тіркелген, "Ақ жол" газетінде 2012 жылдың 13 қыркүйегінде № 115-116 жарияланған).
3. Осы нормативтік құқықтық актінің орындалуын бақылау облыстық мәслихаттың аймақты, әкімшілік-аумақтық құрылымды, ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері және жер учаскесін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау жөніндегі тұрақты комиссиясына және облыс әкімінің орынбасары А. Нұралиевке жүктелсін.
4. Осы нормативтік құқықтық акт әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Облыс Әкімі | К. Көкрекбаев |
Облыстық мәслихаттың сессиясының төрағасы |
С. Қалманбетов |
Облыстық мәслихаттың | |
Хатшысы | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі № 79 қаулысына және Жамбыл облыстық мәслихатының 2015 жылғы 25 маусымдағы №38-10 шешіміне қосымша |