Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-10 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 25 желтоқсанда № 1861 тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 22-5 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 06.04.2018 № 22-5 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) шешімімен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Қоршаған ортаға эмиссиялар үшiн төлемақы ставкалары қосымшаға сәйкес арттырылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау бесінші шақырылған облыстық мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешiм әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi және алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Облыстық мәслихаттың Облыстық мәслихаттың
      сессия төрайымы хатшысы
      Д. Қожамжарова Б. Қарашолақов

  Жамбыл облысы мәслихатының
2012 жылғы 7 желтоқсандағы
№ 10 - 10 шешіміне қосымша

Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкалары 1. Тұрақты көздерден ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1 килограмм үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1

күкірт тотықтары

20


2

азот тотықтары

20


3

шаң және күл

10


4

қорғасын және оның қосындылары

3986


5

күкірсутек

124


6

фенолдар

332


7

көмірсутектер

0,32


8

формальдегид

332


9

көміртегі тотықтары

0,32


10

метан

0,02


11

күйе

24


12

темір тотықтары

30


13

аммиак

24


14

алты валентті хром

798


15

мыс тотықтары

598


16

бенз(а)пирен


996,6

2. Алауларда ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудан ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1

көмірсутектер

4,46

2

көміртегі тотықтары

1,46

3

метан

0,08

4

күкірт қостотықтары

20

5

азот қостотықтары

20

6

күйе

24

7

күкіртсутек

124

8

меркаптан

19932

3. Қозғалмалы көздерден атмосфералық ауаға ластағыш заттардың шығарындылары үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі

Отын түрлері

Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін ставка (айлық есептік көрсеткіш)

1

Этилденбеген бензин үшін

0,66

2

Дизель отыны үшін

0,90

3

Сұйытылған, сығылған газ үшін

0,48

4. Ластағыш заттардың төгінділері үшін төлемақы ставкалары

      Ескерту. 4 - тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 23.08.2013 № 16-5 шешімімен (ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

Реттік нөмірі

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1.

нитриттар

670

2.

мырыш

1340

3.

мыс

13402

4.

оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

тұзды аммоний

34

6.

мұнай өнімдері

268

7.

нитраттар

1

8.

жалпы темір

134

9.

сульфаттар (анион)

0,4

10.

өлшенген заттар

1

11.

синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

хлоридтер (анион)

0,1

13.

алюминий

27

5. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастырғаны үшін төлемақы ставкалары

Реттік нөмірі

Қалдықтардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1 гигабеккерель (Гбк) үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1

Өндіріс пен тұтынудың қалдықтарын полигондарға, жинақтауыштарға, санкцияланған үйінділерге және арнайы берілген орындарды орналастырғаны үшін:



1.1.

Коммуналдық қалдықтар (тұрмыстық қатты қалдықтар, тазарту құрылғыларының кәріздік тұнбасы)

0,38


1.2.

Қауіптілік деңгейін ескере отырып, өнеркәсіптік қалдықтар



1.2.1.

"қызыл" тізім

14


1.2.2.

"янтарь" тізім

8


1.2.3.

"зеленый" тізім

2


1.2.4.

жіктелмегендер

0,9


1.3.

Бұдан басқа:



1.3.1

аршынды жыныстар

0,004


1.3.2

жанас таужыныстары

0,026


1.3.3

байыту қалдықтары

0,02


1.3.4

шлактар, шламдар

0,038


1.3.5

күл мен күлшлактар

0,66


1.3.6

ауылшаруашылығы өндірісінің қалдықтары

0,018


2

Радиоактивтік қалдықтарды орналастырғаны үшін, гигабеккерельмен (Гбк)



2.1.

Трансуранды


0,76

2.2.

Альфа-радиоактивті


0,38

2.3.

Бета-радиоактивті


0,04

2.4.

Шынақты радиоактивті көздер


0,3

      5.1. Бір тонна күкірт орналастырылған үшін төлемақы ставкалары 7,54 айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      6. Мынадай коэффициенттер:

      1) коммуналдық қызметтер көрсету кезінде түзілетін эмиссия көлемі үшін табиғи монополия субъектілері мен Қазақстан Республикасының энергия өндіруші ұйымдары үшін осы бапта белгіленген төлемақы ставкаларына:

      1-тармақта - 0,3 коэффициенті;

      4-тармақта – 0,43 коэффициенті;

      5-тармақтың 1.3.5. -жолында – 0,05 коэффициенті;

      2) коммуналдық қалдықтарды орналастыруды жүзеге асыратын полигондар үшін тұрғылықты жері бойынша жеке тұлғалардан жиналған тұрмыстық-қатты қалдықтардың көлемі үшін 5-тармақтың 1.1. - жолында белгіленген төлемақы ставкасына 0,2 коэффициенті қолданылады.

      7. Осы баптың 6- тармағында көзделген коэффициенттер қоршаған ортаға эмиссиялардың нормативтерден тыс көлемі үшін төленетін төлемақыға қолданылмайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады