"Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-10 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облыстық мәслихатының 2013 жылғы 23 тамыздағы № 16-5 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 10 қыркүйекте № 2007 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облыстық мәслихатының 2019 жылғы 30 сәуірдегі № 34-8 шешімімен

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексi)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 495 бабына және "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына сәйкес облыстық Мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Жамбыл облыстық Мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 10-10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1861 болып тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 167-169 "Ақ жол" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қосымшасында:

      4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

Реттік нөмірі

Ластағыш заттардың түрлері

1 тонна үшін төлемақы ставкалары (айлық есептік көрсеткіш)

1.

нитриттар

670

2.

мырыш

1340

3.

мыс

13402

4.

оттегіне биологиялық сұраныс

4

5.

тұзды аммоний

34

6.

мұнай өнімдері

268

7.

нитраттар

1

8.

жалпы темір

134

9.

сульфаттар (анион)

0,4

10.

өлшенген заттар

1

11.

синтетикалық бетүсті-белсенді заттар

27

12.

хлоридтер (анион)

0,1

13.

алюминий

27


      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау жасау және интернет-ресурстарында жариялау облыстық Мәслихаттың қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау, экология, табиғатты пайдалануды дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Облыстық Мәслихаттың

Облыстық Мәслихаттың

сессия төрайымы

хатшысы

Г. Тлеубердиева

Б. Қарашолақов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады