Ескерту. Шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 16.01.2023 № 24-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде тұпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Кодексінің (Салық Кодексi) 576-бабының 8- тармағына сәйкес, Жамбыл облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 16.01.2023 №24-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.1. Жамбыл облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 16.01.2023 №24-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.2. "Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлемақы ставкаларын арттыру туралы" Жамбыл облыстық мәслихаттың 2012 жылғы 7 желтоқсандағы №10-10 шешімінің (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1861 болып тіркелген, 2012 жылдың 27 желтоқсанында "Ақ жол" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Жамбыл облыстық мәслихаттың агроөнеркәсіпті дамыту, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң колданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихаттың | Облыстық мәслихаттың |
сессия төрайымы | хатшысы |
Г. Нұрымова | Б. Қарашолақов |
Жамбыл облыстық мәслихатының 2018 жылғы 6 сәуірдегі №22-5 шешіміне қосымша |
Жамбыл облысының қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы мөлшерлемелері
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Жамбыл облыстық мәслихатының 16.01.2023 №24-2 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1. Стационарлық көздерден ластаушы заттардың шығарындылары үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | 1 килограмм үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Күкірт оксидтері (SOx) | 20 | |
2. | Азот оксидтері (NOx) | 20 | |
3. | Шаң және күл | 10 | |
4. | Қорғасын және оның қосылыстары | 3 986 | |
5. | Күкіртсутек | 124 | |
6. | Фенолдар | 332 | |
7. | Көмірсутектер | 0,32 | |
8. | Формальдегид | 332 | |
9. | Көміртегі монооксиді | 0,32 | |
10. | Метан | 0,02 | |
11. | Күйе | 24 | |
12. | Темір тотықтары | 30 | |
13. | Аммиак | 24 | |
14. | Алты валентті хром | 798 | |
15. | Мыс тотықтары | 598 | |
16. | Бенз(а)пирен | 996,6 |
2. Жылжымалы көздерден атмосфералық ауаға ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Отын түрлері | Пайдаланылған отынның 1 тоннасы үшін мөлшерлеме (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Этилденбеген бензин үшін | 0,66 |
2. | Дизель отыны үшін | 0,9 |
3. | Сұйытылған, сығылған газ, керосин үшін | 0,48 |
3. Ластаушы заттардың төгінділері үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Ластаушы заттардың түрлері | 1 тонна үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) |
1 | 2 | 3 |
1. | Нитриттар | 670 |
2. | Мырыш | 1 340 |
3. | Мыс | 13 402 |
4. | Оттегіне биологиялық қажеттілік | 4 |
5. | Тұзды аммоний | 34 |
6. | Мұнай өнімдері | 268 |
7. | Нитраттар | 1 |
8. | Жалпы темір | 134 |
9. | Сульфаттар (анион) | 0,4 |
10. | Өлшенген заттар | 1 |
11. | Синтетикалық беткі-белсенді заттар | 27 |
12. | Хлоридтер (анион) | 0,1 |
13. | Алюминий | 27 |
4. Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын көмгені үшін төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
№ | Қалдықтардың түрлері | төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | |
1 тонна үшін | 1 гигабеккерель үшін (Гбк) | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
1. | Өндіріс пен тұтыну қалдықтарын полигондарда, жинақтауыштарда, санкцияланған үйінділерде және арнайы бөлінген орындарда көмгені үшін: | ||
1.1. | Осы кестенің 1.2-жолында көрсетілген қалдықтарды қоспағанда, төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілетін қалдықтар | ||
1.1.1. | қауіпті қалдықтар | 8,01 | |
1.1.2. | қауіпсіз қалдықтар | 1,06 | |
1.2. | Төлемақыны есептеу мақсаттары үшін қауіптілік қасиеттері ескерілмейтін қалдықтардың жекелеген түрлері: | ||
1.2.1. | Коммуналдық қалдықтар (қатты тұрмыстық қалдықтар, кәріздік тазарту құрылыстарының тұнбасы) | 0,38 | |
1.2.2. | Тау-кен өндіру өнеркәсібінің және карьерлерді игеру қалдықтары (мұнай мен табиғи газды өндіруден басқа): | ||
1.2.2.1. | аршынды жыныстар | 0,004 | |
1.2.2.2. | жанасқан таужыныстары | 0,026 | |
1.2.2.3. | байыту қалдықтары | 0,02 | |
1.2.2.4. | шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.3. | Құрамында пайдалы қазбалар бар кенді, концентраттарды, агломераттарды және шекемтастарды қайта өңдеу, қорытпалар мен металдар өндірісі кезінде металлургиялық қайта жасауда түзілетін шлактар, шламдар | 0,038 | |
1.2.4. | Күл мен күлшлактар | 0,66 | |
1.2.5. | Ауыл шаруашылығы өндірісінің қалдықтары, оның ішінде көң, құс саңғырығы | 0,002 | |
1.2.6. | Радиоактивті қалдықтар: | ||
1.2.6.1. | трансуранды | 0,76 | |
1.2.6.2. | альфа-радиоактивті | 0,38 | |
1.2.6.3. | бета-радиоактивті | 0,04 | |
1.2.6.4. | шынақты радиоактивті көздер | 0,38 |
5. Көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде түзілетін күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру үшін төлемақы мөлшерлемелері бір тонна үшін 7,54 АЕК құрайды.
Аббревиатураларды ажыратып жазу:
АЕК – айлық есептік көрсеткіш.