Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 6 наурыздағы № 153 қаулысы. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 сәуірде № 6-1-147 болып тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 31 мамырдағы № 1155 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Тараз қаласы әкімдігінің 31.05.2018 № 1155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес Тараз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.

      2. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы Сапаралиевке жүктелсін.

      Қала әкімі Б. Орынбеков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады