Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 31 шілдедегі N 389 қаулысы. Жамбыл облысы Қордай ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 23 тамызда 6-5-147 нөмірімен тіркелді. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 қаңтардағы № 1 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Жамбыл облысы Қордай ауданы әкімдігінің 13.01.2014 № 1 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7 бабының 5-2) тармақшасына сәйкес, Қордай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қордай ауданындағы кейбір кәсіпорындар мен мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота қосымшаға сәйкес белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Еркін Құлымбайұлы Үйсімбаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді, алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      
      Қордай ауданының әкімі                     Б.Байтөле

Қордай ауданы әкімдігінің
2012 жылғы 31 шілдесіндегі
№ 389 қаулысына қосымша

Қордай ауданындағы кейбір кәсіпорындар мен мекемелерінде жұмыс орындарының жалпы санының үш процентi мөлшерiнде мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота тізімі

Кәсіпорындар мен мекемелердің атаулары

Жұмыс
орындарының

саны

Нысаналы топтағы азаматардың категориясы

1

«Қордай ауданы әкімдігінің білім бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

мүгедектер

2

«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық кәсiпорны

10
 
 

мүгедектер
 
 

3

«Қордай ауданы әкiмдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы жөнiндегi кәсіпорыны» шаруашылық жүргiзу құқығындағы коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорыны

4
 
 

мүгедектер
 
 

4

«Қордай ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

10

мүгедектер


Барлығы:

34


«Келісілді»:
«Жамбыл облысы әкiмдiгiнiң денсаулық
сақтау басқармасы Қордай аудандық
орталық ауруханасы» шаруашылығы
жүргізу құқығындағы мемлекеттiк коммуналдық
кәсiпорнының бас дәрiгерi
Э.Ф.Заманов
2012 жылдың 30 шілдесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады