Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды - (Қарағанды облысы Шахтинск қаласы әкімі аппараты басшысының 06.02.2014 № 03-06/138 хатымен)
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңдарына сәйкес, Шахтинск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары Н.Б. Рыстинге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қала әкімі Е. Нагаспаев
Шахтинск қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
N 2/3 қаулысымен
бекітілген
Нысаналы топтарға жататын тұлғалардың қосымша тiзбесi
N |
Санаттың атауы |
1. |
Елу жастан асқан тұлғалар |
2. |
Ұзақ уақыт жұмыс істемеген тұлғалар (бір жыл және одан жоғары) |
3. |
Бастауыш, орта кәсіби білім беру мекемелерінің түлектері |
4. |
Алған мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі, өтілі жоқ жастар (кәсіби лицейлерді, колледждерді, жоғарғы оқу орындарын бітіргеннен кейін) |