Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 2/16 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының ІХ сессиясының 2012 жылғы 28 қыркүйектегі N 9/58 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 қазанда N 1958 тіркелді. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының XV сессиясының 2013 жылғы 14 ақпандағы N 15/96 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қарағанды облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының XV сессиясының 14.02.2013 N 15/96 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағы 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18 бабының 8 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы N 183 "Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және ветеринария мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы" Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2012 жылғы 25 ақпандағы 2 сессиясының "2012 жылы Жаңаарқа ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға несие түрінде әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы" N 2/16 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-12-124 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 наурыздағы N 13-14 (9487) "Жаңаарқа" газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      тақырыбындағы және 1 тармағындағы "және спорт" сөздері ", спорт және ветеринария" сөздерімен ауыстырылсын;
      тақырыбындағы "сатып алуға" сөздерінен кейін "немесе салуға" сөздерімен толықтырылсын;
      1 тармағындағы "сатып алу" сөздерінен кейін "немесе салу" сөздерімен толықтырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың бюджет және аймақтық саясат жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезекті
      IX сессиясының төрағасы                    Б. Бекежанова

      Аудандық мәслихат хатшысы                  Д. Жұмасейітов

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Жаңаарқа ауданының экономика және
      бюджеттік жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы                        З. Сердалинов
      2012 жылғы 28 қыркүйек

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады