Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысы. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 16 ақпанда N 10-6-203 болып тіркелді. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 63 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012.09.18 N 331 қаулысымен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      “Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 23.06.2014 N 232 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота бес пайыз мөлшерінде белгіленсін.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012.09.18 N 331 қаулысымен ((әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      “Жалағаш аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі” коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 17.06.2015 N 125 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Осы қаулының орындалуына бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Дәрібаевқа жүктелсін.
      Осы қаулы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жалағаш ауданының әкімі С. Сермағамбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады