Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 24.03.2016 № 63 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
“Халықты жұмыспен қамту туралы” Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-5), 5-6) тармақшаларына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жалағаш ауданы әкімдігінің 23.06.2014 N 232 қаулысымен.1. "Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" Жалағаш ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы N 1 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 10-6-203 болып тіркелген, 2012 жылғы 25 ақпанда "Жалағаш жаршысы" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
"Жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота бес пайыз мөлшерінде белгіленсін.".
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары А.Дәрібаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жалағаш ауданының әкімі | С. Сермағамбетов |