Ескерту. Күші жойылды - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы әкімдігінің 07.02.2013 N 284 қаулысымен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңдарына сәйкес, Жаңақорған ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жаңақорған ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 26 наурыздағы
N 25 "2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды өткізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 9 сәуірінде N 10-7-151 санмен ресми тіркелген, "Жаңақорған тынысы" газетінінің 2012 жылғы 11 сәуіріндегі N 30 санында ресми жарияланған) қаулысының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жаңақорған ауданындағы әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ он сегіз жастан жиырма жеті жасқа дейінгі ер азаматтар, сондай-ақ оқу орындарынан шығарылған, жиырма жеті жасқа толмаған және әскерге шақыру бойынша әскери қызметтің белгіленген мерзімдерін өткермеген азаматтарды 2012 жылдың сәуір-маусымында және қазан-желтоқсанында мерзімді әскери қызметке шақыруды жүргізу ұйымдастырылсын және қамтамасыз етілсін."
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Б. Ибрагимовке жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа
енгізіледі.
Жаңақорған ауданының әкімі С. Тауипбаев
"КЕЛІСІЛДІ"
"Жаңақорған аудандық ішкі істер
бөлімі Қызылорда облысының Ішкі істер
Департаменті Қазақстан Республикасының
Ішкі істер Министрлігі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Оспанов Жарас Өмірбекұлы
_______________ "08" мамыр 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысының денсаулық
сақтау басқармасының "Жаңақорған
аудандық емханасы" шаруашылық жүргізу
құқығындағы мемлекеттік коммуналдық
кәсіпорынының бас дәрігері
Абдусаметов Жақсылық Әбілқасымұлы
____________ "08" мамыр 2012 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
"Қызылорда облысы Жаңақорған
ауданының Қорғаныс істері
жөніндегі бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің бастығы
Әлімбетов Сабырхан Қалиханұлы
_______________ "08" мамыр 2012 жыл