Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2012 жылғы 24 сәуірдегі N 48 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2012 жылы 11 мамырда N 10-8-176 тіркелді. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қаңтардағы N 03-11/14 хаты)

      Ескерту. Шешімнің қабылдау мерзімінің өтуіне байланысты қолдану тоқтатылды (Қызылорда облысы Сырдария аудандық мәслихатының 2013.01.29 N 03-11/14 хаты).

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1 бабына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШЕМІЗ:
      1. Аудандық мәслихаттың мына шешімдеріне өзгерістер енгізілсін:
      1) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті ХХХХІV сессиясының N 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 11 қаңтардағы кезектен тыс ХХХХV сессиясының N 383 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 30 қаңтарда N 10-8-168 болып тіркелген, 2012 жылғы 04 ақпанда "Тіршілік тынысы" газетінің N 10 санында жарияланған).
      Аталған шешімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      1 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "кірістер - 4 523 304 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша - 1 698 945 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша - 2 939 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 493 мың теңге;
      трансферттер түсімдері бойынша - 2 816 927 мың теңге";
      1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "шығындар - 4 523 304 мың теңге";
      1 тармақтың 3) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "таза бюджеттік кредит беру - 89 518 мың теңге;
      бюджеттік кредиттер - 94 653 мың теңге;
      бюджеттік кредиттерді өтеу - 5 135 мың теңге";
      1 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "бюджет тапшылығы (профициті) – (-89 518) мың теңге";
      1 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 89 518 мың теңге".
      2) "2012-2014 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы" аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 20 желтоқсандағы кезекті ХХХХІV сессиясының N 378 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" аудандық мәслихаттың 2012 жылғы 15 ақпандағы кезектен тыс ІІІ сессиясының N 18 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік Тіркеу тізілімінде 2012 жылғы 29 ақпанда N 10-8-169 болып тіркелген, 2012 жылғы 14 наурызда "Тіршілік тынысы" газетінің N 21 санында жарияланған).
      Аталған шешімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      1 тармақтың 1) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "кірістер - 4 523 580 мың теңге, оның ішінде:
      салықтық түсімдер бойынша - 1 698 945 мың теңге;
      салықтық емес түсімдер бойынша - 2 939 мың теңге;
      негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер бойынша - 4 493 мың теңге;
      трансферттер түсімдері бойынша - 2 817 203 мың теңге";
      1 тармақтың 2) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "шығындар - 4 540 116 мың теңге";
      1 тармақтың 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "бюджет тапшылығы (профициті) – (-106 054) мың теңге";
      1 тармақтың 6) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
      "бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 106 054 мың теңге".
      2. Осы шешім 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың кезектен
      тыс V сессиясының төрағасы                 С. Каюпов

      Аудандық мәслихаттың хатшысы               Б. Маншарипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады