2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Жаңа

Жаңаөзен қаласының әкімінің 2012 жылғы 05 қаңтардағы № 01 шешімі. Маңғыстау облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 30 қаңтарда № 11-2-183 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» және 2001 жылғы 23 қаңтардағы  «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңдарына сәйкес ШЕШЕМІН:
      1. 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында «Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі» мемлекеттік мекемесінің шақыру учаскесіне тіркеу жылы он жеті жасқа толатын 1995 жылы туған еркек жынысты азаматтарды тіркеу ұйымдастырылсын.
      2. Село, ауыл әкімдері:
      1995 жылы туған азаматтардың қалалық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің шақыру учаскесіне белгіленген мерзімде келуін қамтамасыз етсін.
      3. Меншік түріне қарамастан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар және оқу орындарының басшыларына ұсынылсын:
      1) тіркеуге жататын азаматтарға оларды қалалық шақыру учаскесіне шақырғаны туралы хабарлау және олардың уақытында келуін қамтамасыз ету;
      2) әскерге шақыру жасына дейінгілерді әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс (оқу) орны мен атқаратын қызметі сақтала отырып, жұмыстан (оқудан) босату.
      4. «Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрiгерiне (келiсiм бойынша), «Жаңаөзен қалалық емханасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнының бас дәрiгерiне (келiсiм бойынша) төмендегі жұмыстарды іске асыру ұсынылсын:
      1) 1995 жылы туған азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу кезінде медициналық куәландыру комиссиясына тәжірибелі маман - дәрігерлерді қатыстыру;
      2) 2012 жылдың қаңтар - наурыз айларында шақыру учаскесіне тіркеуге жататын азаматтардың флюорографиядан, электрокардиограммадан өтуін, анализдер тапсыруын, қан құрамын айыруын қамтамасыз ету;
      3) азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу комиссиясының маман - дәрігерлерін қажетті дәрігерлік аспаптармен, рентгенпленкамен, флюорографияға, электрокардиограммаға арналған қағазбен қамтамасыз ету.
      5. «Жаңаөзен қаласының ішкі істер басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастығына (келiсiм бойынша) төмендегі жұмыстарды іске асыру ұсынылсын:
      1) азаматтардың тіркеу учаскесіне келуін қадағалау қамтамасыз ету;
      2) азаматтардың шақыру учаскесіне тіркеуден жалтару әрекеттерінің жолын кесу.
      6. Осы шешімнің орындалсын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ. Боранбаеваға жүктелсін.
      7. Осы шешім әділет органында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                              О. Сарбөпеев

      Келісілді:
      «Жаңаөзен қалалық емханаcы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      А. Бектұрғанов
      5 қаңтар 2012ж.

      «Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасы»
      мемлекеттік мекемесінің бастығы
      М. Қожаев
      5 қаңтар 2012ж.

      «Жаңаөзен қаласының қорғаныс істері
      жөніндегі бөлім» мемлекеттік мекемесінің бастығы
      Д. Қоңқаев
      5 қаңтар 2012ж.

      «Жаңаөзен қалалық орталық ауруханасы»
      мемлекеттік коммуналдық қазыналық
      кәсіпорнының бас дәрігері
      М. Сарыев
      5 қаңтар 2012ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады