Ескерту. Күші жойылды - Маңғыстау облысы Мұнайлы аудандық мәслихатының 06 мамыр 2014 № 21/244 шешімімен.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және 1997 жылғы 16 сәуірдегі № 94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін тағайындау ережесін бекіту туралы» Қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 3 маусымдағы № 35/350 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылы 28 маусымда № 11-7-93 болып тіркелген) шешіміне төмендегідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасындағы:
кіріспесіндегі «2009 жылғы 28 шілдедегі Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министірінің «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы» бұйрығына» деген сөздер «Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына» деген сөздермен ауыстырылсын.
5 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
Отбасының жиынтық табысы Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық істері агенттігі төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 «Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес есептеледі.
16-шы тармақша алынып тасталсын.
17-ші тармақшаның «және пошталық байланыс қызметтері» деген сөздер алынып тасталсын.
2. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы А. Үкібаев
Аудандық мәслихат
хатшысы Б. Назар
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесі
бастығының міндетін атқарушы
Г. Ақниязова
13 қыркүйек 2012 жыл