Ескерту. Мемлекеттік тілдегі тақырыбында, кіріспесінде және бүкіл мәтін бойынша "селосы", "селолық", деген сөздер тиісінше "ауылы", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылды, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді - Қостанай облысы әкімдігінің 04.07.2014 № 9 қаулысымен және Қостанай облысы мәслихатының 04.07.2014 № 297 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Алтынсарин ауданының Лермонтов ауылы мен Лермонтов ауылдық округі тұрғындарының пікірін ескере отырып және Алтынсарин ауданының өкілді және атқарушы органдарының ұсыныстары бойынша Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Алтынсарин ауданының Лермонтов ауылы Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы ауылы болып қайта аталсын.
2. Алтынсарин ауданының Лермонтов ауылдық округі Алтынсарин ауданының Ілияс Омаров атындағы ауылдық округі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі |
Сессия төрайымы |
Қостанай облыстық |