Әкімдіктің 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 "Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 1392 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 13 тамызда № 9-1-197 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 1 тамыздағы № 1778 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қостанай қаласы әкімдігінің 01.08.2016 № 1778 қаулысымен.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8 және 27-баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 120-тармағына сәйкес, Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің "Қостанай қаласының аумағында көшпелі сауда орындарын белгілеу туралы" 2010 жылғы 24 мамырдағы № 911 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімде № 9-1-150 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 13 шілдеде "Қостанай" газетінде жарияланған) мына өзгерістер енгізілсін:
      жоғары аталған қаулының 1-қосымшасындағы 39-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "39. Чкалов көшесі, № 7 және № 9 тұрғын үйлердің қасбеті жағынан";
      көрсетілген қаулының 3-қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау "Қостанай қаласы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесіне жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
      Әкім Ғ. Нұрмұхамбетов

      КЕЛІСІЛДІ:
      "Қазақстан Республикасының
      шаруашылық министрлігінің
      агроөнеркәсіп кешенінде
      мемлекеттік инспекция
      комитетінің Қостанай
      қалалық аумақтық
      инспекциясы" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      __________ Ж. Амантаев
      "Қазақстан республикасының
      ішкі істер министрлігі
      Қостанай облысының ішкі
      істер департаменті
      Қостанай қаласының ішкі
      істер басқармасы"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _________ Н. Исмағулов
      "Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау
      министрлігі Мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау комитетінің
      Қостанай облысы бойынша
      департаменті Қостанай
      қаласы бойынша мемлекеттік
      санитарлық-эпидемиологиялық
      қадағалау басқармасы"
      мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ___________ Р. Әбдіқалықов

  Әкімдіктің
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 1392 қаулысына қосымша
  Әкімдіктің
2010 жылғы 24 мамырдағы
№ 911 қаулысына 3-қосымша

Қостанай қаласының аумағында мектеп құралдарын
және мектеп киімдерін сату үшін
көшпелі сауданы жүзеге асыру орындары

      1. Әл-Фараби даңғылы, "Детский мир" және "Султан" дүкенінің жанында;
      2. Дулатов көшесі, Победа және Аманкелді көшелерінің шекараларында.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады