Әкімдіктің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1392 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Рудный қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 1026 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 3 тамызда № 9-2-217 тіркелді

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 720-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Рудный қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" әкімдіктің 2011 жылғы 2 қарашадағы № 1392 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-2-195 болып тіркелген, 2011 жылғы 2 желтоқсанда "Рудненский рабочий" газетінде жарияланды) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемдері және жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне ақы төлеу мөлшері:
      мына мазмұндағы реттік нөмірі 18 жолымен толықтырылсын:

      "

18

Рудный
қаласы
әкімдігінің
"Рудный
қалалық
тұрғын
үй-комму-
налдық
шаруашылығы
жолаушылар
көлігі және
автомобиль
жолдары
бөлімі"
мемлекеттік
мекемесі

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан өтуін
талап етпейтін,
Ленин көшесі,
187 үй мекенжайы
бойынша
орналасқан көп
пәтерлі тұрғын
үйді қорғауда
жәрдем көрсету
 
 
 
 
 

Қызметкердің
алдын ала
кәсіптік
даярлаудан өтуін
талап етпейтін
тұрғын үйдің
баспалдақ
торларын жинауда
көмек көрсету

4416
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2000

Ең төменгі
жалақының
2 мөлшері
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Ең төменгі
жалақының
1,5
мөлшері

Жұмыс
уақытының
жиынтық есебін
қолдануымен
және жұмыстың
аяқталуы мен
келесі жұмыс
сменасының
басталуы
арасындағы
қоғамдық
жұмыстарға
қатысушының
демалыс
ұзақтығының
міндетті
сақталуымен
сменалы жұмыс
кестесі
бекітіледі.
 

Қоғамдық
жұмыстарға бір
қатысушының
жұмыс
уақытының
ұзақтығы –
Қазақстан
Республикасы-
ның еңбек
заңнамасымен
көзделген
шектеулерді
есепке алып,
аптасына 40
сағаттан артық
емес, екі
демалыс
күнімен, бір
сағаттан кем
емес түскі
үзіліспен.

".     

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Рудный қаласы әкімінің орынбасары А.А. Ишмұхамбетовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Рудный қаласының әкімі                     Б. Ғаязов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады