Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемелері туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2012 жылғы 24 қазандағы № 60 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 2 қарашада № 3864 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 232 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 13.04.2018 № 232 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. Шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "ставкалары", "ставкаларының" сөздері "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" сөздерімен ауыстырылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 21.12.2015 № 385 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 381-бабына, 386-бабының 3-тармағына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері мөлшерінің ұлғаюы осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      Ескерту. 2-тармаққа өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 21.12.2015 № 385 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихаттың
      VІ сессияның төрайымы В. Сычева
      Қалалық
      мәслихатының хатшысы Г. Жарылқасымова

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қазақстан Республикасы қаржы

      Министрлігі Салық комитетінің

      Қостанай облысы бойынша Салық

      департаментінің Лисаков қаласы

      бойынша салық басқармасы"

      мемлекеттік мекемесінің бастығы

      ____________________ А. Қожуков

      "Лисаков қаласы әкімдігінің

      экономика және бюджеттік

      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік

      мекемесінің бастығы

      ______________ Н. Турлубекова

  Мәслихаттың
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 60 шешіміне 1-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

Автотұрақтардың

(паркингтердің) түрлері

Автотұрақтардың

(паркингтердің)

санаттары

1

Ашық түрдегі автотұрақтар

(паркингтер), жабық түрдегі жер үсті

автотұрақтар (паркингтер)

1

2

Пандустары (рампалары) бар

автотұрақтар (паркингтер)

2

3

Механикаландырылған автотұрақтар

(паркингтер)

3

  Мәслихаттың
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 60 шешіміне 2-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаттарына
байланысты автотұрақтар (паркингтер) үшін
бөлінген жерлерге базалық салық мөлшерлемелері
мөлшерінің ұлғаюы

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгеріс енгізілді - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 21.12.2015 № 385 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автотұрақтардың

(паркингтердің)

санаттары

Базалық салық

мөлшерлемелерінің

ұлғайтылған

мөлшерлері

1

1 санат

10 есе

2

2 санат

9 есе

3

3 санат

8 есе


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады