Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 13.04.2018 № 232 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңы 1-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Мәслихаттың 2012 жылғы 24 қазандағы № 60 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3864 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашада "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбында, 2-тармағында және 2-қосымшасында қазақ тіліндегі "ставкалары", "ставкаларының" деген сөздер тиісінше "мөлшерлемелері", "мөлшерлемелерінің" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтіні өзгермейді.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
XХIII сессияның төрағасы | А. Демисенов |
Қалалық мәслихат хатшысы | Г. Жарылқасымова |
КЕЛІСІЛДІ
"Қазақстан Республикасы қаржы
министрлігінің Мемлекеттік
кірістер комитеті Қостанай
облысы бойынша Мемлекеттік
кірістер департаментінің
Лисаков қаласы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы"
Республикалық мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін
атқарушы
_____________________ Ж. Утепова