Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы мәслихатының 2018 жылғы 13 сәуірдегі № 232 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2018 жылғы 27 сәуірде № 7727 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Лисаков қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Лисаков қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      2012 жылғы 24 қазандағы № 60 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық мөлшерлемелері туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3864 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 15 қарашада "Лисаковская новь" газетінде жарияланған);

      2015 жылғы 21 желтоқсандағы № 385 "Мәслихаттың 2012 жылғы 24 қазандағы № 60 "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге арналған салық ставкалары туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6150 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 11 ақпанда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Кезектен тыс сессияның төрағасы А. Демисенов
      Қалалық мәслихат хатшысының міндетін атқарушы И. Неявко

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Қаржы

      министрлігінің Мемлекеттік кірістер

      комитеті Қостанай облысы бойынша

      Мемлекеттік кірістер департаментінің

      Лисаков қаласы бойынша Мемлекеттік

      кірістер басқармасы" республикалық

      мемлекеттік мекемесінің басшысы

      __________________ Ф. Сариев

      2018 жылғы 13 сәуір

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады