Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты күші жойылды (Қостанай облысы Денисов ауданы әкімінің 04.04.2013 № 07-07/375 хаты).
Қазақстан Республикасының "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 5-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағы 14)-тармақшасына сәйкес Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес 2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі анықталсын.
2. "Денисов ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғаларды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің орынбасары М.Т. Мұратбековқа жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі В.Ионенко
КЕЛІСІЛДІ:
"Денисов ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" ММ бастығы
_______________ Д. Мұсылманқұлова
Әкімдіктің 2012 жылғы 1 ақпандағы
№ 64 қаулысына қосымша
2012 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына
жататын тұлғалардың қосымша тізбесі
1. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын түлектері.
2. Үш ай және одан көп ай жұмыс істемеген жұмыссыз тұлғалар.
3. Бұрын жұмыс істемеген жұмыссыздар (жұмыс өтілі жоқ).
4. Қырық бес жастан асқан жұмыссыздар.
5.Уақытша және маусымдық жұмыстардың мерзімдер аяқталуына байланысты, жұмыстан шығарылған, жұмыссыздар.
6. Жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар.
7. Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органның жолдамасы бойынша кәсіби даярлықты және (немесе) қайта даярлықты, біліктілігін арттыруды аяқтаған жұмыссыздар.