Мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2012 жылғы 10 мамырдағы № 40 шешімі. Қостанай облысы Жітіқара ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 30 мамырда № 9-10-183 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 290 шешімімен

       Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Жітіқара ауданы мәслихатының 29.12.2014 № 290 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі Төрағасының 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 471 бұйрығымен бекітілген, Тұрғын үй көмегін алуға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын есептеу қағидасына сәйкес Жітіқара аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 20 тамыздағы № 269 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 9-10-147 нөмірімен тіркелген, 2010 жылғы 9 қыркүйекте "Житикаринские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
      13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "13. Азаматтың (отбасының) жиынтық табысы қолданыстағы заңнамамен белгіленген тәртіпте, тұрғын үй көмегін тағайындауға өтініш жасалған тоқсанның алдындағы тоқсанға уәкілетті органмен есептеледі.";
      15-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "15. Азаматтың (отбасының) шекті жол берілетін шығыстар үлесі белгіленген нормалар шегіндегі жиынтық табыстың он пайызы мөлшерінде белгіленеді.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс сессиясының төрағасы          А. Кабиев

      Жітіқара аудандық мәслихатының хатшысы     М. Кененбаева

      КЕЛІСІЛГЕН

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      _______________ И. Григорьева

      "Жітіқара ауданы әкімдігінің
      экономика және бюджеттік
      жоспарлау бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің бастығы
      ________________ Г. Жидебаева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады