Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 208 қаулысы. Қостанай облысы Қарасу ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 13 шілдеде № 9-13-155 тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 21 қаңтардағы № 8 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Қарасу ауданы әкімдігінің 21.01.2016 № 8 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабының 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қарасу ауданында жұмыс орындарының жалпы санының үш проценті мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгіленсін.
      2. "Қарасу ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мүгедектерді квотаға сәйкес жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу бойынша шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қарасу ауданы әкімінің орынбасары Б.Б. Уәлиевке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                      А. Сейфуллин

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Қарасу ауданының жұмыспен
      қамту және әлеуметтік бағдарламалар
      бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бастығы
      ________________________ А. Ерменова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады