"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37-бабының 8-тармағына сәйкес, Қарасу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қарасу ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 2 шілдедегі № 208 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысының күші жойылған деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде 2012 жылғы 13 шілдедегі № 9-13-155 тіркелген, 2012 жылғы 29 шілдедегі "Қарасу өңірі" аудандық газетінде жарияланған).
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі А. Шәмшиев