Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімдігінің 16.03.2015 № 110 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 шілдедегі Қылмыстық Кодексінің 42-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына сәйкес Науырзым ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары С.Ә. Закаринге жүктелсін.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімінің міндетін атқарушы Т. Ержанов
КЕЛІСІЛДІ:
Қостанай облысы бойынша қылмыстық-
атқару жүйесі комитеті департаментінің
Науырзым аудандық қылмыстық-атқару
инспекциясының аға инспекторы
__________________ Б. Айсенов
Әкімдіктің
2012 жылғы 6 наурыздағы
№ 48 қаулысына қосымша
Қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаға сотталған адамдар үшін қоғамдық жұмыстардың түрлері
1. Аумақты мұздан тазалау.
2. Аумақты қардан тазалау.
3. Аумақты қоқыстан тазалау.
4. Аумақты арамшөптен тазалау.
5. Жас бұтақтарды кесу.
6. Ағаштарды кесу.
7. Ағаштарды ақтау.
8. Ағаш отырғызу.
9. Қоршауды сырлау.
10. Ғимаратты ақтау.
11. Ғимаратты сырлау.
12. Шөпті шабу.
13. Гүлзарларды бөлу.