2012 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдерін белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 15 маусымдағы № 248 қаулысы. Қостанай облысы Таран ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 26 маусымда 9-18-172 тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңы 31-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 4 наурыздағы № 221 қаулысымен бекітілген, Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидасының 12 тармағына, "2012 жылға арналған басым ауыл шаруашылығы дақылдарының тізбесін және субсиялардың нормаларын белгілеу туралы" Қостанай облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы № 249 қаулысына және "Қостанай ауылшаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" жауапкершлігі шектеулі серіктестігінің 2012 жылғы 4 сәуірдегі № 1-129 ұсыныстарына сәйкес Таран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес 2012 жылы Таран ауданы бойынша субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын оңтайлы себу мерзімдері белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Е.С. Ахметовке жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 20 сәуірден бастап туындаған қатынастарға өз әрекетін таратады.

      Аудан әкімі                                     А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Таран ауданы әкімдігінің ауыл
      шаруашылығы бөлімі" ММ бастығы
      _________________ А. Оспанов

Аудан әкімдігінің     
2012 жылғы 15 маусымдағы 
№ 248 қаулысына      
қосымша          

2012 жылы Таран ауданы бойынша
субсидия алушылардың тізіміне қосуға
арналған өтінімдерді ұсыну мерзімдерін және
субсидияланатын басым ауыл шаруашылығы дақылдарын
оңтайлы себудің мерзімдері

№ п/п

Дақылдардың атауы

Өтінімдерді беру
мерзімдері

Себу мерзімдері

1

Жаздық бидай

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
5 маусым
аралығында

2

Күздік бидай

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 тамыздан
1 қыркүйек
аралығында

3

Күздік қара бидай

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 тамыздан
1 қыркүйек
аралығында

4

Қарақұмық

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
5 маусым
аралығында

5

Тары

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
5 маусым
аралығында

6

Арпа

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
5 маусым
аралығында

7

Сұлы

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
5 маусым
аралығында

8

Бұршақтұқымдастар

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
5 маусым
аралығында

9

Майлы дақылдар

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

18 мамырдан
30 мамыр
аралығында

10

Картоп

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

10 мамырдан
31 мамыр
аралығында

11

Көкөніс және
бақша дақылдары

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

25 сәуірден
10 маусым
аралығында

12

Жемшөптік
(бірінші, екінші
және үшінші өсу
жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық
шөптерді
қоспағанда)

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

30 сәуірден
15 шілде
аралығында

13

Жемшөптік, оның
ішінде бірінші,
екінші және
үшінші өсу
жылдарындағы
бұршақ тұқымдас
көпжылдық шөптер
және шабындық
жерлерді
шалғындандыру
үшін егілген
көпжылдық шөптер

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

бірінші мерзім–
20 сәуірден
31 мамыр
аралығында,
екінші мерзім–
5 шілдеден
1 тамыз
аралығында

14

Жүгері мен
сүрлемдік
күнбағыс

10 мамырдан
8 маусым
аралығында

15 мамырдан
31 мамыр
аралығында

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады