Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012.07.23 N 39/7 шешімімен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 1-тармағы 11) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабының 1-тармағы 4) тармақшасына сәйкес, Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:
1. 2012 жылы қосымша әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
2. Ақсу қалалық мәслихатының 2010 жылғы 17 ақпандағы "Әлеуметтік көмекке құқығы бар азаматтар санатының тізбесі туралы" N 194/24 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-132 тіркелген, 2010 жылғы 20 наурызда "Ақжол – Новый путь" газетінің N 23 жарияланған) күші жойылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
4. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы, қалалық
мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев
Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы
27 қаңтардағы N 15/2 шешіміне
Қосымша
2012 жылы қосымша әлеуметтік көмекке құқығы бар
азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесі
1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері.
2. Жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларға теңестірілген адамдар.
3. Жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедек-теріне теңестірілген адамдар.
4. Жеңілдіктер мен кепілдіктер жөнінен соғысқа қатысушыларға теңестірілген адамдардың басқа да санаттары.
5. Зейнеткерлер:
1) 80 жасқа толған және одан асқан;
2) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын;
3) ең төмен мөлшерде зейнетақы алатын;
4) жасы бойынша толық емес көлемде зейнетақы алатын;
5) жасы бойынша мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақы алатын.
6. Мүгедектер:
1) мүгедектер мен қарттарға үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесінде есепте тұрған жалғыз басты және жалғыз тұратын мүгедектер;
2) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар;
3) 1 топ мүгедектері.
7. "Алтын алқамен", "Күмiс алқамен" марапатталған немесе бұрын "Ардақты ана" атағын алған, сондай-ақ, I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар.
8. Бірге тұратын төрт және одан көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін).
9. 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған некеде тұрмайтын (ерлі-зайыпты болмаған) аналар мен қамқоршылар.
10. Жетім қалған балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан балалар.
11. Мына адамдар:
1) қатерлі ісіктер (4 кезең) бар сырқат адамдар;
2) туберкулезбен ауыратын науқастар;
3) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған науқастар.
12. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан өмір сүруге қаражатсыз қалған тұлғалар.