Ақсу қалалық мәслихатының (V сайланған VII сессия) 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 39/7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 25 қазандағы N 71/9 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 07 қарашада N 3246 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 қаңтардағы N 195/27 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 31.01.2014 N 195/27 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56-бабы 1-тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақсу қалалық мәслихатының (V сайланған VII сессия) 2012 жылғы 23 шілдедегі "Ақсу қаласының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау туралы" N 39/7 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-2-206 тіркелген, 2012 жылғы 15 тамызда "Ақсу жолы – Новый путь" газетінің N 27 жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақтың 7) тармақшасындағы "21" деген сандар "18" деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік және жастар саясаты, заңдылық пен құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы                            А. Абраев

      Қалалық мәслихаттың хатшысы                М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады