Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" N 538/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы N 143/2 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 11 наурызда N 12-3-322 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы N 988/9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 28.08.2015 N 988/9 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңы 31-бабының 2-тармағына, 37-бабына, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2776 болып тіркелген, 2004 жылғы 2 желтоқсанда N 49 "Вести Экибастуза" және N 49 "Отарқа" газеттерінде жарияланған) N 538/11 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақтағы:
      "(Е.М. Қабдылов)", "(Ж.С. Рахымбаева)" сөздері алынып тасталсын;
      "Екібастұз қалалық ішкі істер бөлімімен" сөздері "Екібастұз қаласының ішкі істер басқармасымен" сөздерімен ауыстырылсын;
      эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасына қосымшадағы "Ленин" сөзі "Мәшһүр Жүсіп" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің орынбасары А.К. Мардановаға жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Екібастұз қалалық әкімі А. Вербняк
      КЕЛІСІЛДІ
      Екібастұз қаласы ішкі істер
      басқармасының бастығы Д. Сиразидимов
      2012 жылғы 30 қаңтар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады