Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Павлодар облысы Екібастұз қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 28 тамыздағы № 988/9 қаулысы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 40-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларымен сәйкестікке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімі аппаратының басшысы М.Д. Адасбаеваға жүктелсін.
      Екібастұз қаласының әкімі А. Вербняк

  Екібастұз қаласы әкімдігінің
2015 жылғы "28" тамыз
№ 988/9 қаулысына
қосымша

Екібастұз қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының тізбесі

      1. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" № 538/11 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2776 болып тіркелген, 2004 жылғы 2 желтоқсандағы № 49 "Отарқа" және № 49 "Вести Экибастуза" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      2. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2005 жылғы 4 мамырдағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" № 538/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 285/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-9 болып тіркелген, 2005 жылғы 9 маусымдағы № 24 "Отарқа" және № 23 "Вести Экибастуза" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      3. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 28 қаңтардағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" № 538/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 41/1 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12-3-140 болып тіркелген, 2008 жылғы 3 сәуірдегі № 14 "Отарқа" және № 14 "Вести Экибастуза" газеттерінде жарияланған) қаулысы;
      4. Екібастұз қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы "Екібастұз қаласы әкімдігінің 2004 жылғы 15 қазандағы "Эротикалық сипаттағы материалдар жариялайтын мерзімді баспасөз басылымдары бөлшек саудасының Қағидасын бекіту туралы" № 538/11 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" № 143/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12-3-322 болып тіркелген, 2012 жылғы 15 наурыздағы № 11 "Отарқа" және № 11 "Голос Экибастуза" газеттерінде жарияланған) қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады