Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылдық округі Барлыбай ауылының көшелеріне атаулар беру туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылдық округі әкімінің 2012 жылғы 18 маусымдағы N 1 шешімі. Павлодар облысы Ақтоғай аудандық Әділет басқармасында 2012 жылғы 20 шілдеде N 12-4-121 тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4)-тармақшасына сәйкес және Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылдық округі Барлыбай ауылы тұрғындарының пiкiрiн ескере отырып ШЕШІМ қабылдаймын:
      1. Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылдық округі Барлыбай ауылының көшелеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес атаулар берілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешiм оның алғашқы ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Барлыбай ауылдық
      округінің әкімі                            Ж. Ахметниязов

Барлыбай ауылдық округі әкімінің
2012 жыл 18 маусымдағы N 1 шешіміне
қосымша            

Ақтоғай ауданы Барлыбай ауылдық округі
Барлыбай ауылының көшелерінің атаулары

      1) N 1 көше - "Ленина";
      2) N 2 көше - "Абая";
      3) N 3 көше - "Комсомольская";
      4) N 4 көше - "Специалистов";
      5) N 5 көше - "Степная";
      6) N 6 көше - "Школьная";
      7) N 7 көше - "Ленинградская";
      8) N 8 көше - "Целинная".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады