Железинка ауданы бойынша тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелерін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 12-5/2 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 29 наурызда N 12-6-139 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2013 жылғы 14 қарашадағы N 162-5/21 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 14.11.2013 N 162-5/21 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 422-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15)-тармақшасына сәйкес, Железинка аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Железинка ауданы бойынша салық салу объектілеріне қосымшаға сәйкес тіркелген салықтың бірыңғай мөлшерлемелері бекітілсін.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың заңдылық, құқық тәртібі, азаматтардың өтініштері мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железинка аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       О. Джумалинов

      Железинка аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Крутиков

Железинка аудандық мәслихатының
2012 жылғы 29 ақпандағы   
шақырылымның кезектен тыс II 
сессиясы N 12-5/2 шешіміне  
қосымша           


Салық салу нысанының атауы Тіркелген салықтың бірлік ставкасы (айлық есептік көрсеткіштерде)

1

Бір ойыншымен ойын өткізуге арналған, ұтыссыз ойын автоматы

1

2

Біреуден артық ойыншылардың қатысуымен ойын өткізуге арналған ұтыссыз ойын автоматы

2

3

Ойын өткізу үшін пайдаланылатын дербес компьютер

1

4

Ойын жолы

5

5

Карт

2

6

Бильярд үстелі

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады