Железинка ауданында азаматтардың жеке санаттарына 2012 жылға әлеуметтік көмек көрсету туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2012 жылғы 13 сәуірдегі N 25-5/3 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 03 мамырда N 12-6-143 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 2013 жылғы 05 ақпандағы N 84-5/11 шешімімен

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2012.06.22 N 35-5/5 шешімімен.

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық мәслихатының 05.02.2013 N 84-5/11 шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабы 1 тармағы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуірдегі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 20 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңының 11 бабы 2 тармағы 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі N 394 қаулысымен бекітілген "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу" мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Железинка аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Әлеуметтік төлемге құқығы бар азаматтардың санаттары:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      2) "Ленинградты қорғағаны үшін" медалімен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгісімен марапатталған;
      3) кеңес әскерінің құрамына еркін жалданған тұлғалар;
      4) екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      5) Чернобыль атом электростанциясындағы апатты жоюға қатысқандар;
      6) Ауған соғысының мүгедектері және қатысушылары, сонымен бірге басқа мемлекеттің аймағында болған басқа шайқастық қызметтерге қатысқандар;
      7) бұрыңғы КСР Одағы қорғау кезінде, әскери қызметтің өзге де міндеттерін басқа уақытта орындау кезінде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан немесе майданда болуына байланысты, ауруға шалдығуы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшілер (Кеңес Әскері мүгедектері);
      8) бейбітшілік уақытында әскери қызмет міндеттерін атқарған кезде қаза тапқан (қайтыс болған) әскери қызметшілердің отбасылары;
      9) Ұлы Отан соғысында қаза болғандардың (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) қайта некелеспеген жесірлеріне;
      10) қайтыс болған соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген мүгедектердің әйелдері (күйеулері), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, жалпы ауруға шалдығудың, байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың басқа некеге тұрмаған әйелдері (күйеулері);
      11) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Социалистік Кеңес Одағы Республикаларының ордендерімен және медальдерімен марапатталған адамдар;
      12) Ұлы Отан соғысы кезінде 1941-жылдың 22-маусымынан 1945 жылдың 9-мамырына дейін алты айдан кем емес жұмыс істеген азаматтар;
      13) аз қамтамасыз етілген отбасының және жан басына шаққанда кірісі облыс бойынша белгіленген күнкөрістік шаманың мөлшерінен аспайтын отбасылардың студенттері және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мемлекеттік білім грантына ие болу конкурсынан өте алмаған) жетімдер;
      14) зейнеткерлік жастағы азаматтарға;
      15) онкологиялық ауруына шалдыққан тұлғалар;
      16) туберкулез ауруына шалдыққан тұлғалар;
      17) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар;
      18) аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы жүкті әйелдер;
      19) кірісі азық-түлік себеті құнынан аспайтын, медициналық мекеменің қорытындысы бойынша қосымша балалар тамағына мұқтаж 1 жасқа дейінгі балалары бар аз қамтамасыз етілген отбасылар;
      20) аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан, орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын, дәрігерлік кеңесінің анықтамасы негізінде денсаулық жағдайы бойынша жұмыс істемейтін науқас азаматтар;
      21) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген және кәсіби дайындау және қайта дайындауға жіберілген азаматтар;
      22) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар, "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде есепте тұрған азаматтар;
      23) 18 жасқа дейін дамуында мүмкіндігі шектеулі мүгедек балалар;
      24) 18 жасқа дейінгі мүгедек балалар және оларды Қазақстан Республикасының шегінде тексерілуге және емделуге автомобиль (таксиден басқа) және темір жол көлігімен шығарып салушы тұлғалар;
      25) ағымдағы жылы жоғары медициналық оқу мекемелерін бітірген мамандар;
      26) аудан әкімі мен жоғары оқу орнымен білім беру қызметтерін көрсетуге және төлемге үш жақты шарт жасасқан Қазақстан Республикасының жоғары медициналық оқу мекемелерінің студенттері.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2012.06.22 N 35-5/5 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) көрсетілген атаулы және мереке күндеріне орай келесі мөлшерлерде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетеді:
      Ұлы Отан соғысының Жеңіс күніне орай:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 10000 (он мың) теңге мөлшерінде "Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігінің зейнетақы төлеу бойынша мемлекеттік орталығы" Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Павлодар облыстық филиалының Железин аудандық бөлімі;
      жазушылардың таңдауы бойынша мемлекеттік және орыс тілдеріндегі мерзімдік басылымдарға 5100 (бес мың жүз) теңге артық емес сомаға жазылуға әлеуметтік көмек - өтініш негізінде;
      2) 1-тармақтың 3), 4), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларындағы көрсетілген санаттар үшін 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде;
      Қарт адамдар күніне орай:
      3) 1-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 2000 (ең төменгі зейнетақысы бар жалғыз басты зейнеткерлерге) екі мың) тенге мөлшерінде;
      Мүгедектер күніне орай:
      4) 1-тармақтың 23) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде;
      Отан қорғаушы күніне орай:
      5) 1-тармақтың 5), 6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      Чернобыль атом электростанциясындағы апат күніне орай, Ауғанстаннан әскерлерді шығару күніне орай;
      6) 1-тармақтың 5), 6) тармақшаларында көрсетілген санаттар үшін 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде;
      Атаулы және мереке күндеріне орай әлеуметтік көмек тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН), салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН), "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі ашық банкінің жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген тізімдердің негізінде ұсынылады.
      3. Табысын ескермеусіз біржолғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады:
      қатты отын сатып алуға немесе жылуға кеткен шығындарды қайтаруға материалдық көмек:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      2) 1-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 8 (ең төменгі зейнетақысы бар жалғыз басты зейнеткерлерге) айлық есептік көлемінде;
      3) 1-тармақтың 3), 4), 5), 6), 8), 9) тармақшалардағы  көрсетілген санаттар үшін тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеу үшін материалдық көмек 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      4) 1-тармақтың 14) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (облыстық бюджет қаражатынан санаторлық-курорттық емді алуға құқығы бар азаматтарды қоспағанда) санаторлық-курорттық емделуді алуға әлеуметтік көмек 49000 (қырық төғыз мың) теңге мөлшерінде – СТН , "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі ашық банкінің жеке есеп шотының нөмірі, сауықтыру қажеттілігі туралы медициналық қорытындыны, санаторлық-курорттық картаның, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросының анықтамасы;
      5) 1-тармақтың 15) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жедел емдеуге материалдық көмек 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде – "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі ашық банкінің жеке есеп шотының нөмірі, СТН, ауруын дәлелдейтін анықтаманың, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері негізінде;
      6) 1-тармақтың 16) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін амбулаторлық емделу кезінде 6 айлық есептік көрсеткіш көлемінде "Железин аудандық туберкулезге қарсы ауруханасы" мемлекеттік мекемесімен ұсынылған тізім негізінде;
      7) 1-тармақтың 17) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде Железин ауданының ішкі істер басқармасы ұсынылған тізім негізінде;
      8) 1-тармақтың 21) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін оқу кезеңіне ай сайыңғы материалдық көмек 10000 (он мың) теңге мөлшерінде;
      9) 1-тармақтың 22) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жеке қосалқы шаруашылығын дамыту және өзін-өзі жұмыспен қамту үшін 100000 (жүз мың) теңгеден, (ауыл шаруашылық малдары бар болған жағдайда) мал азығын сатып алу үшін – 50000 (елу мың) теңге;
      10) 1-тармақтың 24) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін Қазақстан Республикасы шегінде жол ақысы және тұру төлемі нақты құнына байланысты, бірақ 40 (қырық) айлық есептік көрсеткішінен аспайтын;
      11) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін бір жолғы әлеуметтік көмек 67000 (алпыс жеті мың) теңге көлемінде;
      12) 1-тармақтың 25) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жайластыруға бір мамандарға бір жолғы әлеуметтік көмек 400000 (төрт жүз мың) теңге көлемінде салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі не екінші деңгейдегі банктердегі жеке есеп шотының нөмірі көрсетілген өтініш негізінде, "Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесімен берілген жолдама, азаматтарды тіркеу кітабы, әлеуметтік жеке коды, еңбек шарты, білім туралы дипломының көшірмелері негізінде ұсынылады.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2012.06.22 N 35-5/5 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      4. Табысын ескермеусіз тоқсан сайынғы әлеуметтік көмек мыналарға ұсынылады, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді өтеуге;
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 4 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      2) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін облыс орталығына және тұрғылықты жеріне дейін автомобиль көлігіне кеткен шығындарды өтеуге, нақты жол ақысы мөлшерінде.
      5. Кірісін есептемегенде әр айлық көмегі:
      1) 1-тармақтың 1) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде дәрі алу үшін материалдық көмек;
      2) 1-тармақтың 26) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін медициналық жоғары оқу орнында оқығаны үшін ай сайынғы салық төлеушінің тіркеу нөмірі, "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейдегі ашық банкінің жеке есеп шотының нөмірі, СТН, көрсетілген өтініш, жеке бас куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелерінін, аудан әкімімен жоғары оқу орнымен білім беру қызметтерін көрсету және төлемге үш жақты шарт жасасқан негізінде ұсынылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Павлодар облысы Железинка аудандық мәслихатының 2012.06.22 N 35-5/5 (жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
      6. Табысын ескере отырып ай сайынғы көмек:
      1) 1-тармақтың 13) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін жан басына шаққандағы кірісі облыс бойынша белгіленген күн көріс мөлшерлерінен аспайтын аз қамтамасыз етілген отбасыларындағы балалардың ішінен, жетім балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған (мемлекеттік білім беру грантына үміткер болуға конкурстан өтпегендер) "Казпошта" акционерлік қоғамының пошта бөлімшесіндегі немесе екінші деңгейгедегі банкінің жеке есеп шотының нөмірі, СТН, жеке куәлігінің, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмелері немесе мекенжай бюросының анықтама көрсетілген өтініштің, Железин ауданының әкімімен, жоғары оқу орнының басшысы және студенттің қолы қойылған білім беру қызметтерін көрсетуге үш жақты келісім-шарт негізінде, жоғарғы оқу орындарында оқуы кезеңінде тұруға, тамақтануға және тұрғылықты жеріне жол жүруге 8 айлық есептік көрсеткіш көлемінде әлеуметтік көмек ұсынылады;
      2) 1-тармақтың 19) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін бала тамағын сатып алуға материалдық көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      3) 1-тармақтың 20) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін материалдық көмек 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
      4) 1-тармақтың 18) тармақшасында көрсетілген санаттар үшін (жүктілік мерзімі 12 аптаға дейін есепке тұрған әйелдерге) 10000 (он мың) теңге мөлшерінде – Железин орталық аудандық ауруханасымен ұсынылған тізім негізінде.
      Салыстырып тексеру үшін құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары өтініш берушіге қайтарылады.
      7. Железинка аудандық мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы N 15-5/2 "Әлеуметтік төлемдерге құқығы бар Железинка аудан азаматтарының жеке санаттағы тізімін бекіту туралы" шешімі   (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 12-6-138 болып тіркелген, 2012 жылғы 7 сәуірдегі аудандық "Родные просторы" газетінің N 14 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      8. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму және бюджеттік тұрақты комиссиясына жүктелсін.
      9. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Железинка аудандық мәслихатының
      сессиясының төрағасы                       Т. Сагандыков

      Железинка аудандық
      мәслихатының хатшысы                       В. Крутиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады