"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы N 139/17 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 20 маусымда N 12-9-165 тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 2013 жылғы 18 маусымдағы N 190/41 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Лебяжі аудандық әкімдігінің 18.06.2013 N 190/41 қаулысымен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашасындағы "Әкімшілік рәсімдер туралы" Заңының 9-1-бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі N 745 "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Лебяжі ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Лебяжі ауданының ауылдық округ әкімдеріне мемлекеттік қызметті уақытында және сапалы көрсетуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Т.Байжановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Құрманова

Павлодар облысы Лебяжі ауданы  
әкімдігінің 2012 жылғы 28 мамырдағы
N 140/17 қаулысымен       
БЕКІТІЛГЕН           

"Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттік қызмет РЕГЛАМЕНТІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Ветеринариялық анықтама беру" мемлекеттiк қызметiн осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мекен-жайлар бойынша "Лебяжі ауданының ветеринария бөлімі" мемлекеттік мекемесі, кентінің, ауылдары мен селолық округтер әкімдерінің аппараттарының (бұдан әрi - ЖАО) ветеринарлық дәрiгерлерімен (бұдан әрi - ветдәрiгер) ұсынылады.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шiлдедегi "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабы 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2011 жылғы 29 сәуiрдегi "Асыл тұқымды мал шаруашылығы және ветеринария саласындағы мемлекеттiк қызметтер стандарттарын бекiту және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi N 745 қаулысына (бұдан әрі – стандарт) өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы" N 464 қаулысына сәйкес көрсетiледi.
      4. Мемлекеттiк қызмет көрсету туралы ақпарат осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетiлген мемлекеттік қызмет көрсету орындарындағы стендтерде орналасқан.
      5. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi ветеринариялық анықтама (қағаздағы тасымалдағышта) (бұдан әрі – анықтама) беру не жазбаша түрдегi мемлекеттiк қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелдi жауап болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi - тұтынушы) көрсетiледi.
      7. Мемлекеттiк қызмет мынадай мерзiмдерде ұсынылады:
      1) мемлекеттiк қызмет өтініш білдірген күні iшiнде көрсетiледi;
      2) мемлекеттiк қызметтi алуға дейiнгi шектеулі рұқсат етiлетiн күту уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды;
      3) мемлекеттiк қызметтi алушыға қызмет ұсынудың шектеулі рұқсат етiлетiн уақыты - 30 (отыз) минуттан аспайды.
      8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерін қоспағанда жұмыс күндері, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін көрсетіледі. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетiп қызмет көрсетусiз кезек тәртiбiнде жүзеге асырылады.
      9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін күтуге және қажетті құжаттарды дайындауға жағдайлар жасалады (күтуге кресло қойылады, құжаттарды толтыру үшін орындар қажетті құжаттардың тізбесі мен оны толтыру үлгілерімен стендтермен жабдықталған).

2. Мемлекеттiк қызметтi көрсетудiң тәртiбi

      10. Мемлекеттiк қызметтi алуға қажеттi құжаттар және оларға қойылатын талаптар тiзбесi:
      1) жануарға ветеринариялық паспорт;
      2) терi-жүн шикiзатына, жануардың жеке нөмiрi көрсетiлген жапсырма мiндеттi түрде қажет;
      3) ветеринариялық анықтама бланкi құнын төлеуiн растайтын құжат.
      11. Мемлекеттiк қызмет тұтынушы не оның өкiлi тiкелей жүгiнген күнi көрсетiледi.
      12. Мемлекеттiк қызметтi көрсетуден бас тарту үшiн мыналар:
      1) егер жануар, жануардан алынатын өнiм және шикiзат (бұдан әрi - объект) қолайсыз аймақтан тасымалданған жағдайда;
      2) жұқпалы сипаттағы ауру анықталғанда;
      3) жануардың жеке нөмiрi болмағанда;
      4) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектiнiң, көлiк құралының ветеринарлық-санитарлық талаптарға және қауiпсiздiк талаптарына сәйкессiздiгi негiз болып табылады.

3. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерісіндегi
iс-әрекеттер (өзара әрекет) тәртiбi

      13. Құжаттарды қабылдауды осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО бөлімшелерінің мал дәрігерлері жүргізеді.
      14. Мемлекеттiк қызмет көрсету тұтынушысының өтiнiшi жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн тiркеу журналында, тұтынушының мемлекеттiк қызметтi алатын күні көрсетiлiп ветдәрігермен тiркеледi.
      15. Мемлекеттiк қызметтi көрсету үдерісіне келесi құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (одан әрi – ҚФБ) қатысады:
      осы регламенттің 1-қосымшасында көрсетілген ЖАО ветеринариялық дәрігерлері.
      16. Әр әкiмшiлiк әрекеттiң (рәсiмнiң) орындалу мерзiмiн көрсетумен әрбiр ҚФБ әкiмшiлiк әрекеттерiнде (рәсiмдерiнде) өзара әрекеттестiктiң кезектiлiгiнiң мәтiндiк кестелiк сипаттамалары осы регламенттiң 2-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.
      17. Мемлекеттiк қызмет көрсету және ҚФБ үдерісiндегi әкiмшiлiк әрекеттердiң логикалық кезектiлiгi арасындағы өзара байланысты бейнелейтiн сызба осы регламенттiң 3-қосымшасына сәйкес келтiрiлген.

4. Мемлекеттік қызметті көрсететін
лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі

      18. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібін бұзғаны үшін лауазымды тұлғалар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте жауапты болады.

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
1-қосымша         

Мемлекеттік қызметті көрсету кезіндегі
уәкілетті органдардың тізімі

N р/с Жергілікті атқарушы органның атауы Орналасқан мекенжайы Байланыс деректері

1

ММ "Лебяжі ауданы ветеринария бөлімі"

Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 57

(871839)21503

2

ММ "Баймолдин ауылдық округі әкімінің аппараты"

Баймолдин ауылы, Баймолдин көшесі, 2

(871842)

22-3-90

3

ММ "Қазы ауылдық округі әкімінің аппараты"

Қазы ауылы, Гаражная көшесі, 1

(871839)41095

4

ММ "Ямышев ауылдық округі әкімінің аппараты"

Ямышев ауылы, Мира көшесі, 1

(871839)40799

5

ММ "Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты"

Жамбыл ауылы, Береговая көшесі, 6

(871839)41501

6

ММ "Лебяжі ауылдық округі әкімінің аппараты"

Аққу ауылы, Баймолдин көшесі, 4

(871839)21341

7

ММ "Қызыләскер ауылдық округі әкімінің аппараты"

Черное ауылы, Апсалықов көшесі, 3

(871839)25309

8

ММ "Майқарағай ауылдық округі әкімінің аппараты"

Майқарагай ауылы, Ленин көшесі, 10

(871839)28416

9

ММ "Малыбай ауылдық округі әкімінің аппараты"

Малыбай ауылы, Мира көшесі, 13

(871839)27222

10

ММ "Шарбақты ауылдық округі әкімінің аппараты"

Шарбақты ауылы, Достық көшесі, 2

(871839) 24300

11

ММ "Қызылағаш ауылдық округі әкімінің аппараты"

Қызылағаш ауылы, А. Құсайынов көшесі, 28

(871839)41462

12

ММ "Шақа ауылдық округі әкімінің аппараты"

Шақа ауылы, Клубная көшесі, 1

(871842)23202

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
2-қосымша         

1-кесте. ҚФБ әрекетiне сипаттама

1

Әрекет N(барысы, жұмыс ағымы) 1 2 3

2

ҚФБ атауы

ЖАО ветдәрігері

ЖАО ветдәрігері

ЖАО ветдәрігері

3

Әрекет (процесс, рәсім, операциялар) атауы және олардың сипаттамасы

регламенттің 10-тармағында көрсетілгендей тұтынушымен ұсынылған құжаттар пакетiн тексеру және қабылдау

Анықтаманы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты толтыру

Анықтамалар беру журналына тіркеу. Тұтынушыға дайын құжатты немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты дайындау

4

Аяқталу нысаны (мәлiметтер,құжат, ұйымдастыру-өкiмдiк шешiмдер)

Құжаттарды қабылдау

Анықтамаға не бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қою

Тұтынушыға дайын құжатты немесе бас тарту туралы дәлелді жауапты беру

5

Орындау мерзiмi

30 минуттан аспайды

өтініш білдірген күнi көрсетiледi

30 минуттан аспайды

"Ветеринариялық анықтама беру"
мемлекеттік қызмет регламентіне
3-қосымша         

ЖАО-ға өтініш білдіргенде мемлекеттік қызметті ұсыну сызбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады