Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

V сайланған Алматы қаласы мәслихатының ІІІ сессиясының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 12 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2012 жылғы 12 сәуірде N 930 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 155 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 12.09.2022 № 155 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодексінің 381 бабына және 386 бабының 3 тармағына сәйкес V-ші сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Белгіленсін:

      осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты;

      осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының көлемі.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Б.С. Шинға және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.А. Долженковқа жүктелсін.

      3. Алматы қаласының мәслихаты (Т.Т. Мұқашев) нормативтік құқықтық актіні Алматы қаласы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізсін. (келісім бойынша)

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      V-ші сайланған Алматы қаласы
мәслихаты III сессиясының
төрағасы
Х. Берғаріпов
      V-ші сайланған Алматы қаласы
мәслихатының хатшысы
Т. Мұқашев

  V-ші сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 12 шешіміне 1 қосымша

Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 24.01.2018 № 190 шешімімен (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Автотұрақ тардың (паркинг тердің) типтері және түрлері

Автотұрақ тардың (паркинг тердің) мақсаты

Алматы қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақ тардың (паркинг тердің) санаты

1

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөліктерді тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

I санат

2

Айып автотұрақтары

Көлік құралдарын айып автотұрақта рында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

3

Аз қозғалатын (мүгедектер) топтардың көлік құралдарын және велотранс портты қоятын орындар

Аз қозғалатын (мүгедектер) топтардың көлік құралдарын және велотранс портты сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

4

Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы және тегін негізде сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету

II санат

5

Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

5-1

Мыналармен жабдықталған жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге тиесілі автотұрақтар (алаң түріндегі):
- энергиямен жабдықтауды жоғалтумен байланысты төтенше жағдайларда шлагбаумдарды апат жағдайында ашу мүмкіндігі бар жабық тұрақтарға арналған тұрақ жабдығымен;
- операторда тұрақтар мен тұрақ жабдықтарының жағдайын бақылау және басқару орталығымен кемінде 3 желісі бар техникалық қолдау орталығының бірегей телефон нөмірінің болуы;
- тұраққа кіретін және шығатын автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін бейне бақылау жүйесімен, оларды автоматты түрде тану, ақпаратты ішкі істер органдарының процессингтік орталығына қорғалған арна бойынша орталықтандырылған биллингтік жүйесіне беру мүмкіндігімен;
- Қазақстан Республикасының қазыналық органдары мен орталық биллингтік жүйесіне онлайн режимінде тұрақ транзакцияларын беру жүйесімен

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкер-лерге тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімге қою

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін

6

Тұрақты орындары белгіленген ашық типтегі жерүсті автотұрақтары (паркингтері)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

III санат

7

Тәулік бойы бір орынға бірнеше көлік қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

IV санат

  V-ші сайланған
Алматы қаласы мәслихаты
III сессиясының
2012 жылғы 29 ақпандағы № 12
шешіміне 2 қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының көлемі

Автотұрақ тардың (паркинг тердің) санаты

Тұрғын үй қорының, оның ішінде құрылыстар және құрылғылар орналасқан жерлерді қоспағанда Алматы қаласындағы жерлердің базалық ставкасы

Салық кодексінің 386-бабының 3-тармағына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының ұлғайтылған көлемі

Алматы қаласында автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасы, ұлғайтылған көлемі есепке алынған, теңгемен

I санат

28,95

1

28,95

II санат

28,95

2

57,9

III санат

28,95

5

144,75

IV санат

28,95

10

289,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады