Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлемесінің кейбір мәселелері туралы

Жаңа

VII сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХХV сессиясының 2022 жылғы 12 қыркүйектегі № 155 шешiмi. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 12 қыркүйекте № 29511 болып тіркелді

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасы Кодексінің 505-бабына, 509-бабының 3-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, Алматы қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаты белгіленсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлеменің мөлшері белгіленсін.

      3. Алматы қаласы мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

      1) "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкаларының кейбір мәселелері туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2012 жылғы 29 ақпандағы № 12 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 930 болып тіркелген);

      2) "V сайланған Алматы қаласы мәслихатының III сессиясының "Автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық ставкасының кейбір мәселелері туралы" 2012 жылғы 29 ақпандағы № 12 шешіміне толықтыру енгізу туралы" Алматы қаласы мәслихатының 2018 жылғы 24 қаңтардағы № 190 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1450 болып тіркелген).

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласы мәслихатының хатшысы С. Канкуров

  Алматы қаласы
мәслихатының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 155 шешіміне
1-қосымша

Алматы қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары


р/с

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтардың (паркингтердің) мақсаты

Алматы қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтар дың (паркинг
тердің) санаты

1.

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөліктерді тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

I санат

2.

Айып автотұрақтары

Көлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

3.

Аз қозғалатын (мүгедектер) топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар

Аз қозғалатын (мүгедектер) топтардың көлік құралдарын және велотранспортты сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

4.

Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы және тегін негізде сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету

II санат

5.

Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

5-1.

Мыналармен жабдықталған жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге тиесілі автотұрақтар (алаң түріндегі):
- энергиямен жабдықтауды жоғалтумен байланысты төтенше жағдайларда шлагбаумдарды апат жағдайында ашу мүмкіндігі бар жабық тұрақтарға арналған тұрақ жабдығымен;
- операторда тұрақтар мен тұрақ жабдықтарының жағдайын бақылау және басқару орталығымен кемінде 3 желісі бар техникалық қолдау орталығының бірегей телефон нөмірінің болуы;
- тұраққа кіретін және шығатын автокөлік құралдарының мемлекеттік нөмірлерін бейне бақылау жүйесімен, оларды автоматты түрде тану, ақпаратты ішкі істер органдарының процессингтік орталығына қорғалған арна бойынша орталықтандырылған биллингтік жүйесіне беру мүмкіндігімен;
- Қазақстан Республикасының қазыналық органдары мен орталық биллингтік жүйесіне онлайн режимінде тұрақ транзакцияларын беру жүйесімен

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкер-лерге тиесілі автокөлік құралдарын қысқа мерзімге қою

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және оларға қызмет көрсету үшін

6.

Тұрақты орындары белгіленген ашық типтегі жерүсті автотұрақтары (паркингтері)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

III санат

7.

Тәулік бойы бір орынға бірнеше көлік қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету

IV санат

  Алматы қаласы
мәслихатының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 155 шешіміне
2-қосымша

Автотұрақтардың (паркингтердің) санатына қарай автотұрақтар (паркингтер)
үшін бөлінген жерлерге салынатын базалық салық мөлшерлеменің мөлшері

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Тұрғын үй қоры, оның ішінде оның жанындағы құрылыстар мен құрылысжайлар алып жатқан жерді қоспағанда, Алматы қаласының жеріне бір шаршы метр үшін базалық салықтық мөлшерлеме (теңге)

Салық кодексінің 509-бабына сәйкес автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық мөлшерлемелерді ұлғайту мөлшері (есе)

Теңгемен ұлғайту мөлшерін ескере отырып, автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген Алматы қаласының жерлеріне базалық салық мөлшерлемесі

I санат

28,95

1

28,95

II санат

28,95

2

57,9

III санат

28,95

5

144,75

IV санат

28,95

10

289,5


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады